20.07.2023 14:59
ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ
2023 жылғы ТАМЫЗ айындағы ҰБТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында 20-30 шілде аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз! Тестілеудің өзі 10 тамызда басталады. Бұл ҰБТ-ға қатыса алады: 2023 жылғы мектеп және колледж түлектері; мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері; шетелде 11(12) сынып білім алушылары; қандастар; шартты түрде оқып жатқан студенттер; басқа БББТ-ға ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері; ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер. Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге. МАҢЫЗДЫ: Негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады. Сәттілік!